Posted in

ЕЛ БОЛМАЙДЫ

Оңбайды, тірліктері жараспайды, ақыры құрып бітеді д.м.
~ Қазір сенің де жасың келіп қалды, көк етіктіні қапелімде қайдан табасың. Жұрттың бәрі айтып жүр, бұл анау әйелімен ел болмайды. Т.Ахт. ~ Жабылып жүріп, етегімнен тартып түсіріп тастады. Бұл жұрт енді мың жылда да ел болмайды», – деп қайтадан етегі толып еңіреп қоя береді. Ә.Кек. ~ Осындай дымға тұрмайтын ұрандармен орыс большевиктері баланы — әкеге, ініні — ағаға, әйелін — еріне қарсы қойды… Жоқ, бүйтіп біз ел бола алмаймыз. Халқымызды енді бөлшектеуге бермеуіміз керек. І.Ес.