Posted in

ЕЛ БҮЛІНДІ

Ел ішінде дау-дамай өрбіді. ~ Баяғыда Ырымкелді деген бір батыр мергендікке бәстесіп, бір бидің баласын өлтіріп алған екен, – деп Өлмес әңгімені әріден бастады. – Содан ел бүлінетін болған соң, әлгі батыр қашып, басқа жаққа өтіп кетеді. Т.Әбд. ~ Бұларды енді, үні шықпастай ғып аузын тығындап тастамасаң, тірідей масқара боласың. Онда Жұман мен Бике бұл әңгімені жұртқа жаям да, оның арты ел бүлінетін дау болады. С.Мұқ.