Елге тән тірлігі, намысы қайда д.м. * Жарас. Ауа, жұрт-ау ее бар ма түге! Әлі де жеткен жоқ па осы селебе! Ел емес пе ек, енді неге бермейміз жол келеге бар істі! Осы Маманның өз аулынан, өз қолынан қыз алсаң қайсыныңның басың кемиді? М.Әу. * Бірдеме дәме еткендей болса, ел емеспіз бе, ауқым істеп жинап берейік! — деді Нұғман. Б.Майл. * Құбығұл әулетінің қатындары енді: «Е, құдалыққа шақыруға жарады-ау. Бәсе-е, не дегенмен, ел емес пе? Т.Нұрм. * «М. Әбілетов жолдасты», жо-жоқ, Мықаңды жерлестерінің атынан шын жүректен құттықтап келуге Жолдыбекті жібердік,— қалай жібергенімізді іштеріңіз білер, ел емеспіз бе! Самолетке екеулепүшеулеп отырғыздық. Ғ.Қаб.
