Posted in

ЕЛ КЕЗДІ

Қайыршылыққа салынды, жұрттың қолына қарап қалды, ел үстінен күн көрді. * Сүлейдің берекесі кетеді. Үй сəні болмайды. Малшы қатын шығып кетеді. Екі жетім енші– төлі бөлек інісінің қолына қарайды. Сүлей бөлтірігін алдырған қасқырдай үйден безіп, ел кезіп кетеді. Ж.Айм. ~ Есіңде ме күзді күні, суға барғанымызда, бір шелек суды көтере алмай тәлтіректеп жардың басында отырып жылап едің, «екі шелек көтеруге әлім жетсе, дүниеде арманым болмас еді!» — деп едің, оның жастық еді, соның артынан–ақ арман көбейді: ішуге тамақ болмады; әкең қайыр тілеп ел кезіп кетті; шешеңнің басы істі, сақылдаған сары аязда жерден ойып істеген үйшіктеріңді мәңгі қалдырып, қол ұстасып кетпек болдыңдар. Б.Май. ~ Қара басты қаңғыртып, ел кезіп жүрген Махмұт, жар күтерлік жалақың бар ма? Жарайды, оған да мойымаймын. О.Бөк.