Арасы тым алшақ. * Заман бір, ел бір, жұтқан ауа, ішкен ас ортақ, ал біз… алыспыз. Мамам менен бар болғаны он тоғыз, папам жиырма жас үлкен, ал арамыздан ел көшкендей. Білмеймін, білмеймін… М.Қаб. * Арасын ел көшкендей етіп алшақ-алшақ далита тіккен қарасы жиырма шақты ақ шаңқан үйлердің маңында бейсауат жүрген адам, жайылған мал жоқ. С.Жүн. * Енді байқадым, мен шыққан төбенің терістік тұсындағы тар қылтаның арғы жағы ұйықты алқап екен. Ел көшкендей кең, сағымы шалқыған ұзын сай. Ә.Асқ.
