Халықтың жағдайын ойлап, көпке қамқорлық жасау. * Жиналыс болды. – Не туралы айтты? – Ел қамы да. Ылдиға көшірмек, мал санамақ, қорықты жақсартпақ… Қорықшылықтан босағанын айтпай қалды. Д.Досж. * «Жұрт қан жылағанда біз қуанғанмен не болады?» деп ренжіген бірен-саран ел қамын қайғыратындар болмаса, көпшіліктің ширатылған жібі босады, шідер үзгендей асаусыған мінезін баяулатты. С.Мұқ. * … қалғандары да оңып тұрған жоқ. Ел қамын ойлаудан гөрі бәрінің есі-дерті күштінің көңілін табу, қызмет бабында өсу. Ә.Нұрп. * Ел қамын ойлаған анау батырлар Арқаға бізді сол үшін шақырып жатыр. М.Әбд.
