Posted in

ЕЛ ҚҰЛАҒЫ ЕЛЕҢ ЕТТІ (ЕЛЕҢДЕДІ

Дүрлікті, у-шу болды. ~ Оны ел өзінше алып қашып, «солдат сұрапты» деген суық хабар ел ішіне дүңк ете түсті. Ел тасқаяқтай қағысты, Халықтың төбесінен суық су сорғалатқандай ел құлағы елең ете түсті. Шырт ұйқыдан оқ оятқандай жетіден жетпістегісіне шейін серги кетті. І.Жанс. ~ Екеуіне де “Ат бақтырып қойыпты. Әскерлерге азықтық үшін мал сойғызып, асханада тамақ жасайды екен”, – деп, ел құлағы елеңдеп тұрған. Т.Рыс.