Ел үшін атқа қонды. ~ Өр көңілді батыр, намысқа шауып өте қорланған. Бірақ амал не, іш қазандай қайнағанмен, ер намысынан көрі ел намысын жоқтар заманда ханға қол жинап қарсы шыға алмады. І.Ес. ~ Ол рас қой, Ботам, – деп бастады ол сөзін, – ел намысын жоқтасам десең, сені бетке кім қағады. Бұл топтан бір жола айырыл демеймін мен. С.Мұқ. ~ Ең үлкен жау – елдің жауы, ең үлкен дау – жердің дауы деген бар ғой! Оразекең ел намысын жоқтап, Тобықты атынан Көкеннің жаңағы еліне, анау Серкесымағына сөз салыпты. М.Әу.
