Елді жаудан қорғап, абыройын сақтап қалды. ~ Атадан ұл боп туғанбыз, Ел намысын қуғанбыз. Менменсiген талайдың Қабырғасын күйретiп, Асау тайдай үйретiп, Қол- аяғын буғанбыз. К.Сег. ~ Жанын қиып жауды белсене қуысқан сендер емес, осы нашар атаның балалары. Ел намысын қуған ерлер де солар», – дейді. Т.Жұр. ~ Араларында ертеңгі аста ел намысын қорғайтын, үкілеген жүйріктері мен осы елде жауырыны жерге тимей жүрген палуан жігіттері де бар. Қ.Жұм.
