Posted in

ЕЛ ОРТАСЫНАН

Бүкіл елден, әр үйден жиналатын қаржы жөнінде. ~ Ақырында патшаға білдірсе, қазаққа мейірімі түседі, соғыс жұмысына алудан босатады деген ой күшейіп, ел ортасынан ақша жинап, гүбірнатұрға, Петргратқа (Петроград) уәкілдер жөнелте бастады. А.Байт. ~ Қанша ақша керегін есептедіңдер ме? – Арт жақтан бір жасаң дауыс саңқ етті. − Есептегенде қандай! Менің долбарым бойынша, ел ортасынан ұш мың сом ақша бөліп шығарсақ мол жетеді. С.Ом.
Халық ішінен. ~ Сол ауыр күндері ел ортасынан екі алуан адамды шығарды дегенбіз. Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһармандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. М.Әу.