Қалың ел ішінде. ~ «Сал» боламыз деп бұлар барлық малын босқа қырып, пішенін құлатып, ойына келгенін істеді. Ел ортасында бейуаз, бетімен кеткен кісінің бірі «Сары-ауыз» (Қарқаралы даласынан). Ел ішінде бүлік салып, ауыздықсыз кете бастаған соң, ел ішіндегі ақылды адамдар оған тию салып тоқтататын. Ә.Мар. ~ Бұл өмір бойы халық арасында, ел ортасында болып, ауыл өмірінің ыстық–суығын, жақсы жаманның көз алдынан өткізген адам. С.Бақ. ~ Жармағанбеттен үш қыз, бес ұл туып ек, содан жалғыз мен алдым… Ел ортасында, ұрпағының алдында иманың жолдас қылып, дүниеден ризашылықпен аттануды ешқайсысының маңдайына құдай жазбады. Т.Әб.
