Posted in

ЕЛ САНАТЫНА ҚОСЫЛДЫ (КІРДІ, ҚОСТЫ)

Жұрт қатарлы болды, тұрмысы түзеліп, елмен теңесті, басқадан қалған жоқ. ~ Біздің бірден-бір мақсатымыз – еңбекші елдің көкірегін оятып, өрісін кеңейту. Бәрінен де бұрын, сайда саны, құмда ізі жоқ, аш-жалаңаш тентіреп жүрген жарлы-жақыбайлар ел санатына қосылады. С.Ом. ~ Әлиман жеңгем Сатылғаннан үш-төрт жас үлкен еді. Әрі бұрын күйеуде болған адам ғой. Біздің үйдің ел санатына қосылуын көре алмаған ішітар ағайынға енді бірінен-бірі қағып әкетуге жарайтын өсектің тозбас добы табылады. Б.Соқ. * Ендi бiрер жұмадан соң отау құрса, ел санатына кiрмей ме? Б.Алд. ~ Зағип жанды адастырмай сұмдық қара түнектен алып шығатын, ел санатына қосатын солар екен… С.Ом.