Ел қозғалды, қоныс аударды. * Жау бетіндегі ел шұбырынып босып, қаша бастады. Босқын толды. Ел табаны көтерілуге айналды. Ақырында, жоңғар әскері елді қаптап кетті. А.Байт. ~ Ендеше неге келе жатырмыз?! Қайтайық! — Ел табаны көтерілген соң еріп кеттім, әйтпесе, күндіз мал ішінде болып, түнде жаман үйімде айран-шалабымды ішіп, құдай деп, кемпірімнің қасында тып-тыныш жатқанымның өзі неге тұрады. Ғ.Мұст.
