Posted in

ЕЛДІ АУЗЫНА ҚАРАТТЫ

Шешендігімен, әншілігімен елге танылды, таң қылды; сөзін тыңдатып, әмірін жүргізді. * Айналайын Құдірет, Мені құс қып жаратқан. Шежіре қылып тілімді, Елді аузына қаратқан. “Нұрғаз”. * Бір дуан елді аузына қаратқан атақты байдың шылбырға бола ренжігені Мамекеңе уақ мінез секілді көрінді. Ж.Айм. * … Ақанға ерген Сұлтанмұрат, Бәтжан, Аяған, Жанділдә, Шәкей, Нұралылардың елді аузына қаратқан әншілігін ұзақ жыр ғып, күресті біраз баяндады… С.Жүн. * Сосын керекті жерде төкпектетіп тамам елді аузына қаратады. М.Қаб. ~ Ағамызға Жаратушыдан әдемі дауыс бұйырса, тумысынан ақжарқын, кеңпейіл, керек жерінде тиісті сөзді тайсалмай төтесінен бір-ақ айтатын турашылдығы адами болмысын аша түсетіндей. Оған қоса әңгімешілдігі, өнер, әдебиет тарихынан сөз қозғаса, келісті сөз саптасымен елді аузына қаратуы көне
би-шешендердің сарқыты ма дегізгендей. БАҚ “Ана тілі”.