Ашу шақырды, ызасы келді. ~ Келе- келе ұзынтұрасына бауыр басқаны сонша, ол жолға шығып кеткен күндері сағыныштан буынып өле жаздайтын әдет тапты, жыны ұстап, бойы құрыстап, себепсізден себепсіз Рабиға мен Оразға тиісетін әдет тапты. Ә.Тар. ~ Жасың нешеде? Жасын сұрағанға жыны ұстап, үндемеді. С.Досж. ~ Артынан кірген бұған көз қырын салар емес. Мәкіштің жыны ұстап кетті. Ә.Тар. ~ Тауман қазір солардың сылдырлаған сөзіне жайылып түскеніне жыны ұстап, өзін өзі жерлеп келе жатыр. Ә.Қай.
Ауруы қозды. Әли арасына апта салып, ай салып жыны ұстағанда айдалаға шығып кететін. С.Ом.
