Жоқ жерден мінезі пәс болып, мүләйімси қалған адамға қарата айтылады. ~ Тұмарбай «төренің» манағы екпіні жоқ: жынын алдырған бақсыдай молда болып қалыпты. Арбаға тығылып, күбірлеген болады. Ж.Айм. ~ Дұшпаны да жоқ, жоқ еді қимас досы да, Кектене қарап, көлеңкесінен шошына, Жынын алдырған бақсыдай болып жүр, дейді ел, “Кезекті дүние, кезбе бақ” деген осы да! С.Им. ~ Манағы автокөлікке асыға ұмтылысқан үлкенді-кішілі жолаушының бәрі “жынын алдырған бақсыдай” тына қалып, енді бұрынғыларынан гөрі жайбарақаттау бір күйге түскен екен. Г.Сей. ~Уақыт шіркін небір асауларыңның өзін ақырындап езіп, жаншып, илеуге салып, жынын алдырған бақсыдай қылады екен-ау. Әй, бірақ, осы Көрпешті момын деуге және келмес… Қ.Мұқ.
