Жыпылықтай беретін көз. ~ Жайдақ қабақ, жыпық көздің соқтыра, өшіктіре сөйлеп, езуін жимай жылмия күлгені де көз алдында. Т.Рыск. ~ Аласа бойлы, жыпық көз дүңген тілмаш оның аузынан шыққан сөзін қығып алып, жапалақтай жалбаң қағады. Т.Рыск. ~ “Ақсақ құлан” осылай зарлайтын. Жыпық көзде бірде өкініш, бірде ашу, бірде ыза ұшқындаған Шыңғыс ханның өне бойын шымырлата баурап алып, үнсіз бай – байлататын. С.См.
