Тұрмысы түзелді, кемтігі толды, ел қатарына қосылды. ~ Жарынан жастай өлiдей айрылған, ендi жеттiм, жетiлдiм, жыртығым бүтiнделдi, ортайғаным толды деп ақ шашты, сары тiстi болған шағында қос бiрдей боздағынан тiрiдей айрылып отырған аналары Бәтес мұңлық мүлде шөгiп қалған. К.Сег. ~ Ұлы Отан соғысынан кейін жүдеген, тозған елдің иығы бірден көтеріліп, жыртығы бүтінделіп, жарқырап жүре берді деп ойлайсыз ба. Д.Дос. ~ Соншалық келте етіп жаратқан тәңірісіне өкпелі еді. Соншалық келте ғұмырда дүниенің қай жыртығын бүтіндеп үлгересің, үлгермек түгілі басқаның бәрін былай қойғанда, өзіңді-өзің біліп боласың ба. Н.Дәу. ~ Балалары әкесіне, әкесі балаларына үйренісіп, енді бауыр басып, бір шаңырақтың астына ұйып, ұзақ жылдан соң бастары құралған, сау тамтығы жоқ көңілдің жыртығы бүтінделгендей шағы еді бұл.
