Posted in

ЖАБА ТОҚЫДЫ

Біреудің не бірдеңенің кеміс, осал, не жағымсыз тұстарын көрсетпеуге тырысты. ~ Соның бәрі қыз кемшілігін жаба тоқу еді. М.б.Т. ~ Бұрынғылары әншейін екен, перзентінің жоқтығы да енді сезінгендей еді, ойына түссе, “аһ” ұрғанда аузынан жалын атады. “Ғұмыр бойғы сол жалғыз іліктілікті жаба тоқып келген де Аппаққыз екен-ау, ой, дүние-ай!” Қ.Най. ~ «Ел — бірлігі», «Көп берекесі» деген сөзді жайдақ мініп, жауыр ғып болмадық па, ағайын! Жаба тоқып жүре беру мұраң ба? Ж.Ахм.