Posted in

ЖАБАЙЫ МІНЕЗ

Тұрпайылық, дойырлық. ~ Қанша жерден құтырына жарап жүрсе де, табиғат сыйлаған жабайы мінезі ақсары бураны да жан ұшыра бас сауғалауға мәжбүрледі. М.Алм. ~ «Қауызында дəні жоқ – сабан мінезді адам болады; қорсылдаса көңілі тоқ – қабан мінезді адам болады» деген секілді дөрекілік пен дойырлық қай кезде де рухани осалдық, жабайы мінез ретінде сынға алынып, ал жұмсақтық қай халықта да игі саналған. Ихсан.кз.