Posted in

ЖАБЫДАЙ ЖАЛТАҢДАДЫ (ЖАЛТАҚТАДЫ)

Өзіне сенімсіз адамның жалтақ мінезі туралы. ~ Маңдайына бір- екі рет тисе – өзінің де үні өшер еді. Бұл болса жабыдай жалтаңдап, жүзі сырғақсып, қашуға дайын тұрады. Ә.Асқ. ~ “Тағы бір ерекшелігің – домбыраның пернелеріне қарамай тартады екенсің, мұның тамаша қасиет. Жабыдай жалтақтап, буынға секіргенде тұқырып, пернеге қарап отырар ма, шіркін, сенде ол жоқ.” БАҚ.