Іргелі, әлеуетті халық; әйгілі ру, ел. ~ Ақсақал, айттың ақыл арамызға, Біз іздеп Қаршығаны табамыз ба? Жағалы ел жолаушыны қайдан білсін, Тағы да етсең қызмет балаңызға. “Қыз-Жібек”. ~ Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы деп намысын бәрінен биік қойған халықтың ұрпағымыз ғой, ағайын. Біз бүгінімізді емес ертеңімізді, жағалы ел болып, еңсе көтеруімізді, ол үшін бірігіп, санымызды да, санатымызды да толықтыруды естен шығармауымыз қажет. С.Тас.
