Posted in

ЖАҒАСЫНА ҚОЛЫ ЖЕТТІ

Әлі жетті, қолына түсірді. ~ Әсіресе, еркектің аяусыздығына айран–асыр; етегіңнің астына енгенде ежелден егесіп жүрген қас жауының жағасына қолы жаңа жеткендей жанды алып, жан беретін жаугер сынды жабығыңнан жауқазын қазғандай жайратып кететіні не сұмдық. Н.Дәу. ~ Оның рас ей! – деді. — Мен де өзіммен – өзім оттасе – еп жатырмын. Өңімде жағасына қолым жетпейтіндерді көрпенің астында мес қылып тепкілеп алдым. Қ.Ысқ. ~ Сол бойы сұмдық бір жылдамдықпен өзін–өзі еденнен жұлып алып, Паханға оқша атылған. Жағасына қолы жетті ме жетпеді ме, ол арасын білмейді, есінде қалғаны – қап–қара күректей күс табанның дәл бетіне келіп былш еткені… Н.Дәу.