Айта-айта шаршады. ~ Мұнан әрі басқа келіншектер де, Рысжан да Жанбайдың сөзіне құлақ салған жоқ. Ал Жанбай болса тілінің бар уын төгіп сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Ақыры өзінің де жағы талған сияқты. С.Мұр. ~ Абалай-абалай овчарканың да жағы талды білем, айқайлай-айқайлай әйел де шаршаса керек, бір уақытта терезені таспен бір періп салдыр-гүлдір еткізді де жалт бұрылып қайқаңдап жүре берді… Т.Сәу. ~ … айта- айта нәтиже шығара алмай жағы талған соң, «Қойдым енді. Бірдеңесі болар» деп, қолын сілтеп анасы отыр. М.Қан.
