Әбден қартайып, өлгелі отырған шал-шауқандар туралы. ~ «Қара би қартайып, жағы түсіп отырған шақта Абылай сәлемдесе келіпті. Сонда Қараның жүгіріп жүрген немересі – Тоқсанға Абылай қолынан ет асатып, маңдайынан сипап бата берген екен». С.Мұқ. ~ Жағы түсіп отырса да, мөлтілдек рюмкаға мөлие қарап, қайта-қайта қол созғыштағандардың дені Ғалидің көзін көрген құрбы-құрдастары болатын. Т.Сәук. ~ Мен кәрі сүйегімді сүйретіп, жат қолында қалған сонау Ташкеттен келгенде, жүрегімді жарған екі үлкен арман болатын, — деді жасы жетіп, жағы түсуге айналса да жүрісінен жаңылмаған кәрі тарлан. Қ.Жұм. ~ … «дамыған социализмнен» өтіп алу керектігін өсиеттеп, ол да онысының не екенін өзі де білмей, бізге де білдіре алмай, жағы түсіп, кете барды. Өмір ғой. Ғ.Қаб. ~ Байлық іздемей қуаныш іздейді екен. Тіпті жағы түскен қария о дүниеге озса да «осы кісінің жасын берсін» деп, ат шаптырып артын той ғып жіберетін көрінеді. Т.Сәу.
