Posted in

ЖАҒЫН САУДЫ

Тіл мен жағына дамыл бермей, зар қақсады. ~ Ол болмаса егер де, Жанын баққан жайсаңдар, Жағын сауған зарғылар Жаңа қонтайшыны қолпаштап, Әкең Қалдан Шеріннің Сөзі түгілі өзін ұмытар түрі бар. Ә.Кек. ~ …ал үшеуін үш жаққа бөліп жіберсең, …кешегі қызыл сөзден түйін түйген кемеңгер ділмарың – әншейін жағын сауып зар қақсаған арзымсыз бәдікке, кешегі ерке шора ерің – өз жағасын өзі жыртып, көрінгенге көз алартқан арсыз ұрыншаққа айналып шыға келер-ді. Ә.Кек.