Мұң-қайғы басқан, шерлі көңіл. ~ Одан басқа селкеу шыққан бір дыбыс жоқ. Әйтеуір жадау көңілдің бей-жай күйіне
әуендесіп, тылсым бір тыныштық басып тұр. С.Шай. ~ Онсыз бұл бәрібір жаңағы айтқан жалбыр қабақ, жадау көңіл көп қатыбастың бірі болады да қояды. Ондай келеңсіз ғұмыр, кейіс тіршіліктен не пәтуа, не қайыр! Ә.Кек. ~ Жаңағы бір жадау көңіл, жүдеу тіршілік ығысып, жүрегі лүпілдеп қоя берді. «Жәзира… Жәзираш»,- деді баяу. М.Сүн. Жабыққан жадау көңілмен Өткізді ол солай әр күнін. Өзінің туған жерімен Байлады бекем тағдырын. С.Мәу.
