Posted in

ЖАДАУ ТАРТТЫ

Жүдеп кетті, солыңқы тартты. ~ Үй ішінде аяқ-табақ та салдырамай, құрбы қыздары да қатынай алмай, не сырттан, не іштен жылы қабақ көрмеген Ақтоқты аз күнде сары ауруға шалдыққандай көзі кіртиіп, өңі жадау тартты. С.Жүн. ~ Сонда ол Айман екеуі ғана қалады. Екеуі ғана. Отасқалы қанша жыл болды: екеуден– екеу. Бала жоқ. Әлгінде ғана театрдағыдай жаз жайнаған үй енді жадау тартады. Ш.Мұр. ~ Ол үнсіз отырып қалды. Тағы бірдемелерді ойлап тұңғиыққа түсіп кетті. Жадау тартып отырған саданы жылып, көзі қайта жұмылды. Б.Қыд.