Posted in

ЖАДЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ (ЖАҢҒЫРТТЫ)

Есіне алды, ұмытылып бара жатқанды ойына түсірді. ~ Әлия айтты, армияға жүрейiн деп жатыр екенсiң, жолың болсын! Екi жылың екi күнге татымай тез өтсiн. Сонда барып сары қыздың есiмi жадында жаңғырды. Ә.Ыб. ~ Бiр түсiнгенi, түз емес – үй. Осыны iлiк етiп ары қарай бағамдауға тырысты. Сол кездерде барып бiртiн-бiртiн ұзақ жолда жүргенi, Алмастыкiне түскенi жадында жаңғырды. Ә.Ыб. ~ Сол бір қарғыс атқыр ымырт кеште бастауға қауға салғанын, сонда ту сыртынан әлдебір суық көздің сұқтана қадалғанын, соны сезіп тұла бойының мұздап қоя бергенін, қалтырай қорқып, қашпаққа әрекет қылғанда қақпан құшаққа құлап, өкпесінің өшкенін – түгел жадында жаңғыртты. Д Қуат