Posted in

ЖАДЫНДА ЖОҚ

Есінде қалмапты, ұмытылып кетті. ~ Айжан маң далада, мая түбінде күйеуі Қуанмен емес, бейтаныс жас жігітпен иық түйісе отырғанын мүлде ұмытқан; манағы бір тосын
үркектік те, секемдік те осы қазір жадында жоқ. М.Сүн. ~ Үш қабатты ақ мәрмәрдан салынған еңселi үйден тауы шағылып шықты. Сүйегiн сүйретiп кеп машинаға отырғанын бiледi, одан арғысы жадында жоқ. Миы шыңылдап, есуастанып барады. Ә.Ыб. ~ «Пәлi, телефонына дейiн берiп үлгерiптi», оны қашан айтқаны мұның жадында жоқ. Ә.Ыб. ~ Дәл қазір өткен-кеткен қиындықтары жадында жоқ еді, графиняның өлім халінен аман қалғанын, француз бейдің мұны сыбап-сыбап қуып жібергенін, Шамның атқұмар ағаш дайындаушыға мүлде арзанға сатылғанын, қайран бағы ашылмаған сәйгүлік үшін оған өз еркімен ақысыз-пұлсыз малай болғанын ұмытқан. А.См.