Есінде қалды, ұмытылмады. ~ Жадында сақталған келесі үзік сурет дәрі иісі шыққан таза, жылы бөлме, ақ халатты тәтелер. Жүрген дыбыстары естілмейді. Сөйлемейді, тек ауыздары ғана жыбырлайды. М.Мағ. ~ Шын жанашыр, қамқорлықпен елжірей: «Қалың қалай?» деп айтқан бір ауыз сөзі де өмірі өшпестей жадында сақталды. З.Төл. ~ Өзі кітап атаулының бетін ашпайды. Мұғалімнің аузынан не шықса да қағып алып, жадында сақтайды. Б.Тоғ. ~ Назар аудан басшыларының: «Руға бөлуді атымен қою керек», – деген тапсырмасын жадында қатты сақтап қалса да: «Байғұстар, қуанбай қайтсін, бұларға теңдік тиген күн бар ма? Әр атадан оқыған азаматтар шығып, атқа мініп жатқанда, қойбағарды жанқұрлы көрген ешкім болды ма? Ру-ру болып жан баққан қазақтар жақынынан жақсылық күтпегенде, кімнен күтеді» – дегенді ойламай қала алмады. Т.Әбд.
