Posted in

ЖАЗ ГҮЛІНДЕЙ ЖАЙҚАЛДЫ (ЖАЙНАДЫ)

Құлпырып кетті, жүзінен нұр төгілді. ~ Жаз гүліндей жайқалған керімсал әйел қайыңның безіндей қатып қалды. Сырт көзге жүреді, тұрады, ас ішеді, сөйлейді, үй шаруасын істейді. М.Қаб. ~ Тосты да өзі бастап, «жаз гүліндей жайнаған қыздар үшін» алдырып қойды. Қыздар біріне-бірі жымия қарап, рюмкаға еріндерін ғана тигізіп отыр. Б.Тоғ.