Анық ажыратты, күмәнсіз танып, білді, шүбәсі қалмады. ~ Ажырасқан екі жылдың ішінде кескін-кейпіне көп өзгерістер кіргенмен, Амантай оны жазбай таныды да, Ботагөзден де бетер бас сап құшақтап, бауырына қатты қысты. С.Мұқ. ~ Бәрінің басы сол қос аттың ізі соққан түннен басталғанын да сорлы көңіл жазбай таныды. Ж.Нәж. ~ Ожар байдың үніндегі кекесінді сезген Ақан жабуды алған ызалы адам да осы екенін жазбай таныды. C.Жүн. ~ Сәлима мені жазбай танып отыр, қайта- қайта көз құйрығын тастап, жылы жымиып қояды. Ә.Асқ. ~ Алайда, патша ақылды болыпты, уәзірлерінің әрекетін жазбай танып, Құмыраға қарсы жасалған лаңның барлығын тыйып тастап отырады екен. Т.Әс. ~ Себебі, өзі жаны қалап, еркімен айтпаған сөз, жауаптың ұлына жайсыз тиетінін жазбай таныды. Одан сайын жас жанға жазығы иіді, іші жылыды, бұрынғыдан да жақсы көріп кетті. Ж.Нәж.
