Ап-анық, тайға таңба басқандай. ~ Өзіндегі ажар қандай, сын қандай! Күмбездерін күннен қиып құрғандай. Сарайларың сан ғасырдың сырларын Жазған хаттай жайып салып тұрғандай. Т.Әбд-а. ~ Теодорада мейлінше өзімшіл әйелдерге тән көрегендік, зирек дарын мол; сенің көзіңе оның дәулеті мен сән-салтанаты ғана шалынып жүрген кездің өзінде-ақ ол бәлкім, сен жөніндегі топшылауын қорытып та қойған болуы мүмкін, сен қаншама епті болғаныңмен, ол сенің жан сырыңды жазған хаттай танитын болар. О.Бальз. ~ Қыз Болық: Өлеңім ақсақалдың ақиқаттай, Көңілі ақ Болықтың жазған хаттай. Айтысар меніменен есі кеткен Қарт бекен мен бір жүйрік Шошай аттай. К.Бөгенб. ~ Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар, Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған аттай болар. Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар. М.-М.
