Posted in

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ТАРТТЫ (ШЕКТІ)

Ешқандай айыбы болмаса да, қорлық көрді, зардап шекті, айып тартты. ~ Ұзақшыл, рақымы кең құдай қалай, Жазықсыз жапа тартқан қыршын жан-ай. С.Тор. ~ Оған Жамал жайы қашан да қызық. Iшiнен: «Жүрегi лоблиды. Әрине, ол баяғы Сейiт жазықсыз жапа тартқан кезде шошынып ауырғанның зардабы. Жүйкесi бұзылған жан ғой» деп отыр. Р.Рай. ~ Жаңа айтқаным-дай, тергеу орындарының қолындағы айгақпен салыстырғанда мен жазықсыз жапа шектім. М.Мағ. ~ Ал әлгі Берияның адамдары келіп, Құттыбаевты алды да кетті. Сол содан қайтыс болды, жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Есіңде ме? Ш.Айт.