Жанын қинады, өшпес із, ұмытылмас өкпе қалдырды. ~ Қызыл-жасыл, ақ-көкшіл бейне кілем түріндей, гүлдер гүл-гүл
жанады, күлкілдеген гүлжапырақ, сағымданған күлім бел терезеден көз салса, Күнікейдің көңіліне жазылмас жара салады. Ж.Айм. ~ Сөйтіп, бір мың тоғыз жүз алпыс екінші жылдың суық күзі апамның басына екі бірдей ауыр қайғы, жанына жазылмас жара салып кетіпті. Ү.Жәл. ~ Оның жерге қарасынан менің ұққаным: балта оның күйеуінікі, өзі жоқта балтасын белгісіз бір қонаққа беріп жіберсе оның ақыры үлкен жанжалға, ол жанжалдың ақыры келіншектің
жанына мәңгі жазылмастай жара салуы мүмкін. Ә.Әб.~ Сол бір келеңсіз оқиға Тотының жүрегіне жазылмас жара
салған. Күйеуіне деген сезімінің оты біржола сөніп, кеудесінде қос уыс күлі қалғандай. Ү.Жәл.
