Аңғалдық жасады, жаңсақ қадамға барды. ~ Шәміл, Шәміл! Айналдым жазылмасқа. Күйрейтүғын түрім бар жазым бассам. Қазір менен сауық пен сайран қалған, Жайына жыр да қалған жазылмастан. М.Мақ. ~ Ғаббас өзінің әкесінің «Айтбай» деп басталатын асқақ та арналы әнін шырқап: Демеубай әкем аты атым Айтбай, Өмірді сайраңдап ем бетім қайтпай, Жаладан жау жапсырған жазым басып, Бұралқы шетте жүрмін ұрлық, аттай. C.Бег. ~ Адам баласымыз ғой қателескенде, жазым басқан да жайтымыз болуы мүмкін. Бірақ көрінеу қиянатқа барған жайымыз болса халық айтар. C.Бег.
