Posted in

ЖАЙ ОҒЫНДАЙ ЖАЛТ ЕТТІ

Көзді ашып-жұмғанша өте шықты. ~ Бірақ күндердің– күні жай оғындай жалт етіп жайпап өтерін де аңғарған жоқ. О.Бөк. ~ Өмір деген қалт етіп, Жай оғындай жалт етіп, Өтетіні өкінішті. Адамдардың осыны Мәңгілікке дос ұғып, Кететіні өкінішті. А.Абдр. ~ Жас жігіт те жайдары күлім қаққан, Жарын көріп жүрегі тыным тапқан. Сұлуымен жарыса сырғанайды Жай оғындай жалт еткен, төмен аққан. Х.Ерғ. ~ Мишель Флешар әйелге таңырқай, қадала қарады. Ол тағы да түсінуден қалғандай еді. “Тург” деген сөз санасында қас қағымда жай оғындай жалт етті де, сонан соң қайтадан жалп етіп, өшті де қалды. В.Гюг.