Жалт-жұлт еткен айрықша әсерлі көрініс туралы. ~ Сонда мына мыңдаған тұяқтар түз тағыларын тулақтай таптап өтеді. Жай оғындай жарқ еткен осы ой оны қауіпті, сенімсіз тәуекелге итермеледі. К.Ор. ~ Сонда мына мыңдаған тұяқтар түз тағыларын тулақтай таптап өтеді. Жай оғындай жарқ еткен осы ой оны қауіпті, сенімсіз тәуекелге итермеледі. Ол бөрінің денесін босата беріп, ақбоз айғырға тұра ұмтылды. Ш.Бей. ~ Батыр тартқан жебенің кері серпіген тепкісінен Тайбурыл теңселіп кетті, жай оғындай жарқыраған қызыл жебе арқардың жүрегін көктей өтіп, жеті қат жер астына сіңіп жоғалды. Арқар тырапай асты. М.Қаб. ~ Бар дауысымен саңқылдап, тау мен тасты жаңғыртқан оның қуатты үні Ұлы Далаға жай оғындай жарқылдап жетті. Керегедей қос қанатын қатты қаққан Ақбас бүркіт көкала бұлттың көбесін сөге биік ұшып бара жатты… С.Дос.
