А) Жорта айтылған, сенуге тұрмайтын сөз. ~ Жаңа өкіметті қалың бұқара қолдайды деген — жай сөз. Әлгінде айтылғандай, кедейлер жағы бір күн тойған тамағына ғана мәз. Б.Тоғ. ~ Қадам бассаң, ақша. Ол ақшаны қайдан табатынымызды? Кішігірім несие береді деген еді. Ол да әзірге жай сөз көрінеді. Оған кепілдікке тұрарлықтай мүлік қоюың керек екен. З.Нұрт.
Ә) Өлең емес, ұйқассыз жазылған қара сөз. ~ Өзгелері үндеген жоқ. Төлебай маған қарап: — Сіз «Тіршілік» газетіне өлең, жырлардан басқа ешнәрсе жазған жоқсыз ба? — деді. Мен: — Басқа, жай сөздер де жазып тұрдым, — дедім. С.Сей.
Б) Қарапайым, зілсіз сөз. ~ Қанша дәлел керек болса да жұлқынудың, дауыс көтерудің қажеті жоқ. Жай сөзбен ашуды, орынсыз сөзді ақылға жеңгізіп, жеткізген жақсы. Ә.Ысқ.
