Бос, мәнсіз әңгіме. ~ Меймандардың ұзын саны елу–алпыс адам болып қалады, олардың арасында ересектердің жайдақ әңгімесінен қашып құтылуға дайын тұратын, графинялар ерте келген сүйкімді бойжеткендердің жанынан үйіріліп шықпайтын жас мырзалар да бар. А.См. ~ Жайдақ әңгіменің аяғына лекіген жеңіл күлкі ілініп, қонақтар желпінісе түскен еді. М.Сүн. ~ Жабы шаруаның жайдақ әңгімесін күйттемей, шынайы тәуірдің әрі – берідегі жайларға құлақ түргіш келелі пікірінен сабақтайды. С.См. ~ Жайшылықта жайдақ әңгімеден қамшы салдырмас майталман Әшір мұндай кітаби тақырыптарға шорқақ. М.Қаб.
