Posted in

ЖАЙДАҚ СӨЗ

Астарсыз, мән-мағынасы шамалы, жеңіл-желпі әңгіме. ~ Бұл достық ол – қырғыз, мен – қазақ болғандықтан, екеуіміз де халықаралық интернационализм идеясына суарылғандықтан ғана қалыптасты десем, жалаң ұран, жайдақ сөз болып шығар еді. З.Қаб. ~ Кеше хан қызындай көрінген бойжеткен бүгін асқақ болса деп еді. Ол асқағы қандай, өзі де білмейді, әйткенмен мынау «нан дүкені», «екінші смена» сияқты жұпыны, жайдақ сөз иесі емес, өзгеше, бөтен бойжеткен… М.Қаб. ~ Жалақтаған жалаң сөз, Балдыр-батпақ «балаң» сөз, Міне шапқан жайдақ сөз, Түлкі құйрық жайнақ сөз… Д.Әб.