А) Өте тез, көз ілеспес жылдамдықпен.
~ Осы сәтте басын тақырлап тұрып қырғызып тастаған атан жілік біреуі орнынан атып тұрып, ұмтылған. Тас қаша шегіне түсіп, жайдың оғындай шапшаңдықпен арыстанша секірді. О.Бөк. ~ Ауыздан-ауызға тараған суық хабар Құсақ көлінің арғы қырқасындағы момын, марғау, жалшыларға дейін жай оғындай жеткен. С.Жүн. ~ Жаудың жалаңдаған қылыш, сермелген найзасы, жай оғындай жасыл жебесі ала алмаған аңғал батыр жалғыз ауыз сөзге жығылып отыр. Ж.Шәк.
Ә). Жарқыл-жұрқыл етті.
~ Көршілес хандардың біріне «Алты қырлы алмас» аталатын, жан-жағы жайдың оғындай жалтылдайтын, о жағынан қарағанда, бұл жағынан күн көрінетін, көлемі қос жұдырықтай, түсі мөлдір судай тас берген. С.Мұқ. ~ Бар дауысымен саңқылдап, тау мен тасты жаңғыртқан оның қуатты үні Ұлы Далаға жай оғындай жарқылдап жетті. С.Досан.
~ Анық сол, Нәзипа… Алла бейшара-ай! Ақ жібек шәлісінің үстінен бастыра мойнына құрым киіз іліпті-ау! Ту масқара-ай!.. деген ойлар бір секундтың ішінде жайдың отындай жалт-жұлт етті. І.Жанс.
