Көңілі көтеріліп, мәз болды, жайнаңдады. * Әжібек бастықтың артына көзді ашып-жұмғанша мінгесіп те алды. Әлгіндегі мұңаюдың, жылаудың ізі де қалған жоқ жүзінде, жайраң қағады. С.Мұр. ~ Көңілдімін бұл күнде мен, Көзің-мөлдір аспаным. Жалт қаратып күлкіңменен, Жарасады-ау қашқаның. Тоқта! – деймін, – баласың ба?! Ұғынғандай кінәсін. Жасыл шалғын арасында, Жайраң қағып тұрасың. Ж.Әбдір. ~ Жауқазындар желектерін жайғанда, Жайраң қағып шығушы едік сайранға. Сойқан соғыс басталды да кенеттен, Кете бардық аттанып қан майданға. А.Ас. * Солай қарай жүрдім. Мені анадайдан таныған Нәзира әпкем де жайраң қағып қуанып қарсы ұмтылды. С.Мұр.
