Posted in

ЖАЙСЫЗ ОЙ

Адамды мазалайтын, қинайтын, алаңдататын ой. ~ Егер санаңды жайсыз ойлар мазаласа, өзіңді іштей қинамай, ата-анаңмен сөйлескенің абзал. Ашық әңгімелескеннен ұтылмайсың, балам. Ә.Тар. ~ Ұшқыштар осылай ерте қартаяды деп қалжыңдаған болам. Жанын жейтін жайсыз ойлардан аулақтатқым келеді. К.Қаз. ~ Мен байыз тауып жата алмадым. Сағат 11-де аутотренингке бардым. Бiрақ iшiмдегi жайсыз ойлардың мазамды алғаны сонша дәрiгер қыздың әдемi ерiнi мен маржандай тiстерi, жұмсақ үнi, жан рахатына шақырған сиқырлы сөздерi, қиял тербеген музыка — бәрi де әсер етпедi. Т.Әбд.