Әлдебір ұнамсыз жағдайға ұрындарған төтенше оқиға. ~ Өңі сынықтау ма, қалай? Қайтсе де көңілді емес. Ел жақта жайсыз бір оқиға болып қалмады ма екен деп, қауіп билеген мен: — Қалай, аман-сау барып келдіңіз бе? — деп сұрауым мұң екен, үлкен басымен ботадай боздап қоя бергені. С.Шай. ~ Үш жыл бұрынғы қасапхана оқиғасы автобустағыларға емес, тек үшеумізге қатысты, тек үшеуміз білетіндіктен бе, мамам, көкем соңыма шырақ алып түскен сол жайсыз оқиғаны еске түсірді ме, әйтеуір дәл қазір көңілсізбін. М.Қаб. ~ Мұнда Дон Кихот пен аяушылықты білмейтін янгуастықтар арасында болған жайсыз оқиға жөнінде айтылады. М.Серв. ~ Таңғы астан кейін мен ешкімді де қуанта қоймайтын және бір жайсыз оқиғаға тап болдым. Дж.Лон.
