Жағдайы келіспеді, күн-көрісі қиындап кетті. ~ Тағы да Алматыдамыз. Қайда жүрсем де, Алматы мен үшін өз үйім, үлкен үйім секілді. Тап осы келгенде өзімді ұзатылып кетіп, жайы болмай, төркініне қайта қайтып келген, қыз секілді сезінемін. Б.Соқ. ~ Жетімнің жайы болмады. Үсті-басы — өрім-өрім. Отырса – опақ, тұрса – сопақ. Ала жаздай табаны тілім-тілім болып, қозының соңында жүреді. Кешке ел орынға отыра бір келеді. Ү.Жәл.~ Кейін балалары тұрмай, уайымнан белі бүгіліп, басынан қайғы бұлты арылмай қойғасын ән салуға жайы болмады. Кешеуілдеп көрген Қайыпты Қорабай екеуі кезек шайқап, көзден таса қылмай, бағып-қақты. Ү.Жәл.
