Posted in

ЖАЙЫ КЕТТІ

Жағдайы нашарлады, мазасы болмады. ~ Тырнаны шақырады ишаратпен, Мәнісін баяндауға жайы кеткен. Ойлайды: «Бұ тұрғанда тіл алмас, – деп, Көңілін жұмсатпаса алдап еппен». А.Байт. ~ Жүруге біржолата жарамайтын сияқтанды. Сол күйде Әубәкір арқалап, сүйретіп әкетпекші болып еді, өзінің де жайы кетіп, басы айналып, ішіндегі дерт теңселтіп жығып бара жатқанын байқады, Ұзақпен бірге сүлдері құрып, жығыла кетті. М.Әу. ~ Жатса да жайы кетіп, құлап арман. Қыз жауһар, Жайы түзу, жыламаңдар. Өлеңнің құдіреті қандай күшті, Орнынан тұрып кетер құлағандар. А.Пош.