Posted in

ЖАЙЫЛЫП ЖАСТЫҚ, ИІЛІП ТӨСЕК БОЛДЫ

Асты-үстіне түсіп, қызмет көрсетті. * Барын бағамдап, жоғын түгендеп, еріне жайылып жастық, иіліп төсек болды. Ж.Шәк. * Қонаққа жайылып жастық, иіліп төсек болғандай түрі бар. Б.Қыд. * Бірақ оны арсынатын Қозбағар емес. Дөкей қонақтың шылауына оратылып “ағалап”, жайылып жастық, иіліп төсек болды. Бұқабай онан ары ыңыранды. Керіліп созылды. С.Елу. * Отырыңыз отағасы! Бұл – кешегі заман емес, бай көрсе, болыс көрсе иіліп төсек, жайылып жастық болатын. Қазір бай да кедей де тең! Б.Тоғ. ~ “Е, бауырым… е, дос… е, бір жылғы төл… төрге шық…” деп жайылып жастық, иіліп төсек болған мейірім-шуағы қайда? Не өзгереді? Н.Дәут.