А) Өте үлкен, жаялықтай ауыз туралы. ~ Сатанның алдында есіктен итермелеп кіргізген кісесі салбыраған, тоны жалбыраған, жайын ауыз қара шалды жүгініске алды. І.Жанс. * … ішпей мас, әрі нас елу шамасында жасы бар, қой сақтардың басындай басы бар, жай формының өзі сұп-суық бүйі секілді түксиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, добыра сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді. С.Тор. ~— Ер болғаныңды ұрайын! Сужүрек! Қорқақ! — деп жұлқынды жалпақ бет, жайын ауыз Жақсыбай. Ол Аққұлдың үлкен баласы еді. Бет әлпеті өзгеріп, түсі бұзылып, онсыз да келісімсіз өңі адам көргісіз болып кетіпті. Б.Мом. * Басын көтеріп қарамаса да, ортадағы кісінің шеткі екеуден әлдеқайда әлдеменді, ірі екенін аяғындағы ұрты ақ жемденген жайын ауыз етіктің репетіне қарап біліп отыр. Ә.Нұрп.
Ә) Обыр, жемқор, тойымсыз. * Ауыздары қатарынан түгел ашылғанда «ойпыр-ай, бұл жалмауыздарды қалай асырайды»,— деп ойға қалып жүрдім. Сол жайын ауыздар жемтік берген енесінің басын кейбір шақ жұтып жібере жаздайды. Т.Берд.
